Әдейі бұрмалау: Конституция жобасы туралы жалған ақпарат көбейді

Ата Заңның жаңа мәтінінің жобасына қатысты манипуляциялық әрі шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтердің таралуына байланысты Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы түсіндірме-шолу әзірледі. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымының талдауында әдетте мұндай жариялымдарға кликбейт сипатындағы тақырыптар қойылады делінген. Бұдан бөлек эмоционалды пікірлер беріліп, жоба мәтінінің нақты баптары мен тармақтарына сілтеме жасалмайды. Жаңа Ата Заңның жобасы жарияланды. Құжаттың толық мәтіні Конституциялық Соттың ресми сайтында тұр. Бұдан бөлек отандық мерзімді басылымдарға шықты. Оқимын, жобаның жай-жапсарымен танысамын деген адамға барлық мәлімет қолжетімді. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы заң нормаларына тікелей сілтемесіз жасалған кез келген мәлімдемеге сыни тұрғыдан қарауға кеңес береді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу