«Болжамдап айта алмаймын». Ескі көліктерді утилизациялау қашан басталады?

Ескі көлікті өткізіп, сертификат алуға болады. Жеңілдік сертификаты жаңа автомобильді рәсімдер кезде қолданылады. Қазір тек құжатты беру тәртібі бекітілді, ал бағдарламаның өзі іске қосылған жоқ. Сондықтан тозған машинаңызды кәдеге жаратуға тапсырсаңыз, тиісті қағазды қолыңызға ұстады деген әңгіме – бекер. Нақтырақ айтсам, бұлай деуге әлі ерте. Рас, бұйрық 25 қазан күні күшіне енеді. Бірақ бұл – сол күні көлік құралдары қабылданып, жеңілдік сертификаттары беріле бастайды деген сөз емес. Экология және табиғи ресурстар министрлігіндегілер мұны қадап айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу