Әсіресе бензин мен газ мәселесіне келгенде алып-қашпа әңгімелердің қалай тез тарайтынын кейінгі 5-6 айдағы оқиғалар тағы бір рет анық көрсетті. Әрине «Бензин қымбаттайды», «Жанармай тапшы болады» немесе «Газ жеткізу үзіліп қалды, демек қыс ортасында жылусыз отыру қаупі бар» деген сыңайдағы алыстан менмұндалап тұратын тақырып қойылған жаңалықтар елді алаңдататыны рас. AntiFake бағдарламасында мәселе жан-жақты талқыланады.