Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр ма?

Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде көш бастап тұрған жоқ. Бұл туралы Президент жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева мәлімдеді. Омбудсменнің айтуынша, Қазақстан дәм-тұзы жараспаған жұптардың көрсеткіші бойынша жаһанда бірінші орында деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Снежанна Имашева осы  тұста Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуіне сүйенеді. Ондағы мәліметтерге көз жүгіртсек, елдегі ажырасу коэффиценті «2» деп көрсетілген. Мұны жоғары деп те, төмен деп те айта алмаймыз. Мәселен коэффиценті мың адамға шаққанда «3-4» болатын мемлекеттер бар. Сондықтан халықаралық көрсеткіштер көшінде республика ортасында келеді. Алғы шепке шықты деген жаңалық – жалған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу