Жау жоқ деме – интернетте. Қазақтың сақтыққа шақыратын ежелгі даналағын қазіргі заманға икемдеп айтсақ, осылай естіледі. Желіде желіп жүрген адамның соңынан цифрлық із қалады. Бұл – өзіңіз туралы жариялаған барлық ақпараттың жиынтығы. Мұның бәрі кейін қауіпке айналып, алдыңыздан шығуы әбден ықтимал. Мамандар осыған баса назар аударады.