Дипфейк технологиясының нарығы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ескерсек, келешекте цифрлық манипуляция күнделікті өмірде әркім бетпе-бет келетін құбылысқа айналуы ықтимал. Сол үшін Қазақстан алғашқылардың бірі болып Заң қабылдады. Ал қарапайым азаматтар медиасауаттылықтың қағидаларын меңгеруге тиіс. Негізгі талап – сыни ойлау, демек күмәндануды дағдыға айналдыру.