Заңнаманы бұрмалап түсіндіру көбейді

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бірнеше ерекшелікті байқады: бұл жолы заңнаманы бұрмалап түсіндіру көбейді. Яғни тіркелген оқиғалардың 32,1 пайызында әдейі қате тәпсірлеу тәсілі қолданылған. Бұған дейін ақпарат көбіне ойдан шығарылатын. Ойлап табылған жаңалықтың біразы желігі басылғанша желіде желіп жүретін. Манипуляторлардың діттегені осы болды. Қазір олар шынайы жайтты негізге алып, оның мазмұнын басқаша түсіндіре отырып, жұртты жаңылыстыруға көшкен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу