Тексеру, талдау, бағалау, қорытындыға келу секілді дағдылардың бастауы күмәндануда жатыр. Мамандар мұны сыни ойлау деп атайды.
Сыни ойлайтын адам біраз сұрақтың соңына түседі. Бұл рас па? Неге бұлай? Қандай дәлел бар? Кім айтты? Неге айтты?
Бірақ бұл жолыңызда жолыққан жаңалықтың бәрінен секем алу керек деген сөз емес. Алдымен эмоция тудыратын ақпаратқа сақ болу керек. Осындай жағдайда күмәндану – керек дағды.