Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат – ең өтімді «тауардың» бірі. Сол көп ақпараттың рас-өтірігін ажырату күннен күнге қиындап барады. Бір жаңалық санаулы минутта мыңдаған адамға жетеді, ал ол шындыққа жанаса ма, жанаспай ма? Кейде бұл сұрақтың жауабы кейінге ысырылып қалады. Әсіресе әлеуметтік желі дамыған уақытта әрбір қолданушы әрі оқырман, әрі таратушыға айналды. Осындай жағдайда деректерді әркім талдай білуге тиіс. Ол үшін қайтпек керек?