1929-1931 жылдары қазақ 372 рет көтеріліске шыққан

Біреу біліп, біреу білмес, ал қараша айы біздің елімізде –  ресми түрде Сталиннің кезіндегі қуғын-сүргін құрбандарын еске алу айы. Оған қоса саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу датасы ретінде 31-мамыр белгіленгені де белгілі. 
Тарихтың ақтаңдақ беттері деп танылған қызыл террор жайлы қанша айтылса да артықтық етпейді. Қазақ халқы бұл нәубеттің зардабын көрді, тіпті жойылып кету қаупінен әрең дегенде аман қалды. Ал мұны өскелең ұрпақ ұмытпауы керек. Нәубет жылдары өскелең ұрпақтың жадында сақталуы үшін Қазақстан билігі түрлі шараларды өткізіп келеді. Тәуелсіздік алар-алмастың алдындағы өліара кезеңнен бастап елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау науқаны басталды. Ал қазіргі уақытта тарихта өткен КГБ деген қаһарлы қызметтің құпия архивтері ашылып жатыр. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу