Трамп: АҚШ ірі жеңіске жетіп жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да батыл мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Америка Иранға қарсы «ірі жеңіске жетіп жатыр» және оның нәтижесі жақын арада көрінеді. АҚШ алтыншы түн қатарынан Иран аумағына әуе соққыларын жасап жатқаны мәлім. Бушир, Бендер-Аббас, Кешм аралы секілді әскери әрі стратегиялық аймақтар нысанаға алынды. Бұл шабуылдардың мақсаты  Иранның әскери инфрақұрылымын, зымыран және теңіз күштерін әлсірету екені айтылып отыр. Бірақ бір нәрсені түсіну маңызды. Жеңіс туралы мәлімдеме – бір басқа, соғыстың нақты нәтижесі – мүлде басқа. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу