Әлемдік саясатта тұрақты одақтас жоқ, тұрақты мүдде бар деген сөзді Дональд Трамп тағы бір мәрте дәлелдеп жатқандай. Путинді сынап-мінеп жүретін АҚШ президенті бүгінде Ресеймен мәмілеге келуге мүдделі. Ал осы уақытқа дейін Вашингтонның басты одақтасы саналған Украина енді қысымға ұшырап отыр. Трамптың ұстанымы неге күрт өзгерді? Ресей расымен АҚШ үшін тиімді серіктеске айналды ма? Әлде Ақ үй басшысы Украинадағы соғысты өз еліндегі саяси тартыстың құралына айналдырды ма?