Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер жаңа кезеңге өтті. Енді бұл процеске Еуропа елдері де тікелей қатысуы мүмкін. Мәскеу мұндай форматқа келісім бергенін АҚШ президентінің арнайы өкілдері мәлімдеді. Бұл – Вашингтонның араағайындығымен жүргізіліп жатқан дипломатиялық жұмыстағы маңызды өзгеріс. Алайда келіссөз үстеліне жаңа тараптардың қосылуы соғыстың аяқталуына кепіл бола алмайды. Өйткені Мәскеу мен Киевтің негізгі талаптары әлі де бір-біріне қайшы.