2020 жыл оңай болған жоқ. Пандемияның салдарынан әлем халықтары зардап шекті, мыңдаған адам көз жұмды. Бұл қасіреттен Қазақстан да тыс қалмады. Сонымен қатар жер-жаһанда талай әскери текетірестер саяси жайсыз оқиғалар да өтті. Осындай қиындықтардан кейін адамзат 2021 жылдан жақсылық күтеді. Қасіреттің бәрі артта қалсын деп тілейді. Лайым жер шары тұрғындарының тілегі қабыл болғай. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жаймашуақ күндер келсін. Алайда өзінің тіршілігінде неше түрлі күрделі жағдайларға тап болып отыру адамзаттың маңдайына жазған ба дерсің. 2021 жылға саясаттанушылар мен көріпкелдер бірталай келеңсіз жайттарды болжап отыр. Қандай болжамдар жасалған? Осыған назар аударайық.