АҚШ пен Иран бітімге келді. Тараптар атысты тоқтату режимін ұзартып, Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына қойылған шектеулерді алып тастау туралы мәміле жасады. Бұл туралы Reuters агенттігінің дереккөздері хабарлады. Жаңа келісімге қатысты алғаш болып ақпар таратқан Axios басылымы болса, АҚШ-тық шенеуніктерге сілтеме жасап, атыс тағы 60 күнге тоқтатылатынын жазды. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысы қайта жанданады, деп хабарлады.