АҚШ-тан қайран болмаса да Украинадағы соғыс тоқтамайды

Украинадағы соғыстың барысында соңғы уақытта тосын оқиғалар тізбегі өтіп жатыр. Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт келісімге келу үшін қандай шарт қойылатынын айтты. Украина Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы генерал Валерий Залужный ағылшындардың күнделікті шығатын The Economist журналына үлкен сұхбат берді. Мұнда бас қолбасшы Украина соғыстың жаңа деңгейіне өтуге мәжбүр екенін Батысқа тиістіре айтты және бұл соғыс белгісіз уақытқа дейін тоқтамауы мүмкін екенін де келтірді. Тіпті Батыс пен АҚШ көмекті үзген күнде де соғыс позициялық әдіспен жүре берсе керек. Яғни екі жақ бірін-бірі ала алмайды, бірақ екеуі де мықты бекініске орналасып, атыс-шабысын жалғастыра береді. Қарап отырсаңыз қазірдің өзінде Ресей жағы осындай позициялық соғыс әдісіне өтіп жатқан сияқты. Әрі Ресейдің соғыстағы белсенділігі соңғы апталарда артып та жатыр. Әлем Израиль мен Палестина соғысымен болып жатқанда Ресей өзінің проблемаларын шешіп алып отырған сияқты. Қару-жарақ өндірісі тоқтаған жоқ, сырттан талай нәрсе барып тұр. Солтүстік Кореядан тұтас эшелондар ағылды. Оның ішінде Қытайдың дрондары, снарядтары деген сияқты бұйымдары болуы да мүмкін.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу