Еңбек министрлігінің пайымынша, елде Төтенше жағдай кезінде көмекке өтініш берушілердің жаппай ақша алуға құқығы жоқ.
Егер азаматтар жалған ақпарат берген болса, яғни табыс жоғалтпаса да көмекке өтініш беріп, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған болса, онда олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 және 195-баптары бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз хабарламасында айтылған.
Бұл ақшаның қате тағайындалғанына кім кінәлі?