Алматыда митинг соңы соғысқа ұласты. Қалада атыс

Сонымен, бейбіт шерулердің соңы адам айтқысыз қасіретке ұласты. Күтпеген жерден мыңдаған басбұзарлар пайда болып, еліміздің әр қалаларында бүлік шығара бастады. Әсіресе Алматы қаласындағы топалаң қатты белең алды. Әп-сәтте бастан аяқ қаруланып үлгерген басбұзарлар стратегиялық маңызды нысандарға шабуыл жасады. Құқық қорғау органдары мен Ұлттық ұлан қатарынан он үш адам қаза болып кетті, ондаған адам ауыр халде ауруханаға түсті. Көшелердегі тәртіпсіздіктердің кезінде ғимараттар қиратылды, өртелді, көліктер жарамсыз күйге түсірілді, дүкендер тоналды.

Авторы: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нуриддин Бидосов

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу