Америка президенті Дональд Трамптың баж салығына қойған тарифтері бүкіл әлемге жайсыз тиіп жатыр. Жер жүзіндегі экономикалар зардап шегіп, қор биржаларындағы акциялардың құны түсуде. Бұдан Американың өзі де мәз болып отырған жоқ. Өзге елдер АҚШ экспортына жаңа тариф қойып, қарымта жасауда әрі АҚШ импорты да белгілі бір деңгейде төмендеуі мүмкін. Бұған қоса АҚШ қор биржаларында акцияның арзандауынан сол американың миллиардерлері қыруар қаржыдан қағылып отыр. Бұл жағдайлар бірінші кезекте сыртта емес, Американың өзі ішінде айқайға ұласқан жағдайы бар. Ол жақта халық көшеге шығып, Трамптың тарифтеріне қарысылық білдірді. Трампқа ең жақын адам деген Илон Масктің өзі Еуроодақ елдеріне баж салығын нөлге түсіру керектігін айтты.