Бейбітшілік кеңесіне қосылу: жаңа әлемдік тәртіп пе, әлде саяси эксперимент пе?

Тоқаев Трамп бастаған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды. Осылайша еліміз тағы бір халықаралық ұйымға мүше болды. Бұл Қазақстанның халықаралық саясаттағы елеулі қадамдарының бірі. Алайда бұл ұйымға қосылу елімізге нақты не береді? Қазақстан не ұтады, не жоғалтуы мүмкін? Және бұл кеңес шынымен біріккен ұлттар ұйымына балама бола ала ма? 

Алдымен кеңестің өзіне тоқталайық. Жаңа Бейбітшілік кеңесінің басты мақсаты – қақтығыс аймақтарында ұзақ мерзімді тұрақтылық орнату және соғыстан кейінгі елдерде заңды басқару институттарын қалпына келтіруге көмектесу. Вашингтонның хабарлауынша, құрылтайшы жеті ел Газа аймағын тұрақтандыруға бағытталған негізгі секторларға жауапты болады. Құрылтайшылардың бірі болу ұсынысы Қазақстанға түсуі – еліміздің халықаралық аренадағы салмағының артқанын көрсетеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу