1931-1933 жылдары Қазақстандағы зұлмат Украинадағыдан артық болмаса, кем болған жоқ. Соңғы бірнеше жылдың барысында әлем елдері Украинда болған ашаршылықты сол халыққа қарсы жасалған геноцид деп ресми түрде танып жатыр. Сталин режимі украин халқын мақсатты түрде әдейі қудалады, қолдан ашаршылық ұйымдастырып қырғынға ұшыратты деп таныған мемлекеттердің саны жиырмадан асады.