Індет салдарынан талай ел Жаңа жылды тойлауды доғарып отыр

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Қазақстан аймақтары жаңажылдық шырша орнатуда бірін-бірі басып озуға ұмтыла ма? Тұрғындардың алаңға қойылып безендірілген шырша мен ондағы ойын-сауық аса қымбатқа түсетінін естіп жаға ұстауы биыл да қаз-қалпында қайталана ма? Коронавирусқа көңілі алаң халықта жаңажылдық көңіл-күй бола қояр ма екен? Мәселенің бұл жағын дөп басып айту әзірге қиын. Себебі жаңажылдық шырша жайлы ресми ақпарат айтылған жоқ. Адамдардың шоғырлануына тыйым салынғанын ескерсек, Жаңа жылды тойлауға халық нөпірінің жиналуы ақылға симасы тағы белгілі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу