Израильмен «астыртын келісім» жасаған елдер жауапқа тартылады. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи осындай мәлімдеме жасады. Аракчи мәлімдемесін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, Израильмен сөз байласу -кешірілмейтін іс. Израильмен бірігіп, іріткі салуға тырысатындар жауапқа тартылады, - деп жазды. Бұған дейін Израиль премьер-министрінің кеңсесі Нетаньяхудың Біріккен Араб Әмірліктеріне құпия сапар жасап, шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахаянмен кездескенін хабарлаған болатын. Мәліметке сәйкес, бұл сапар екі ел арасындағы қатынастардағы «тарихи серпіліс» ретінде бағаланған. Алайда Нетаньяху кеңсесі сапардың нақты қашан өткенін жария етпеді.