Иран Ормуздан өтетін әр танкерге декларация енгізді

Иран соғыс кезіндегі артықшылықтарын нығайтқысы келеді. Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өтетін танкерлерге жаңа талап қойып отыр. Енді кеме иелерін арнайы декларация толтыруға мәжбүрлемек. CNN арнасы қолға түскен құжаттарға сүйене отырып,  осындай ақпар таратты.
Осылайша Тегеран АҚШ-тың түрлі ескертулері мен қорқытып-үркітулеріне қарамастан, бұғаздағы бақылауын ресми түрде нығайтуға тырысып отыр. «Кеме туралы ақпарат декларациясы» деп аталатын құжатты Иран жаңадан құрған Парсы шығанағы бұғазы әкімшілігі әзірлеген. Құжатта 40-тан астам сұрақ бар. Кеменің қайдан шыққаны, қай елге баратыны, кімге тиесілі екені, тіпті экипаж мүшелерінің азаматтығына дейін көрсетілуі тиіс. 

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу