АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы келісім жақын күндері жасалуы мүмкін екенін айтып, ең маңызды мәлімдемелерінің бірін жасады. Оның сөзінше, Иран ядролық қару әзірлемеуге келіскен және бұл болашақ келісімнің негізгі өзегі болады. Бұл АҚШ сыртқы саясатының ондаған жылдық стратегиялық мақсаты. Трамптың айтуынша, Иранда ядролық қару болмайды. Ядролық қаруды ешқандай түрде сатып алмайды да, өндірмейді де. Олар бұған келіскен.