Израиль мен Иран арасындағы соғыс ұзап кетуі мүмкін деген болжам жиі айтыла бастады. Израиль Иранның осы күнгі режимін жойсам дейді. Оған келтіретін уәжі – Иран Израильді жер бетінен жоқ етуді көздейді әрі ядролық қаруды жасап жатыр деп есептейді. Сол үшін Израиль шабуыл жасап, Иранның уран байыту өнеркәсіптерін жарды, әскердегі жоғары билік өкілдерінің және физик ғалымдардың көзін жойды. Дегенмен Иран әскері өре түрегеліп, қарымта үшін Израильге жүздеген баллистикалық ракета ұшырды. Ракеталарды қағып түсіргенімен, нысанаға жеткендері де бар. Осылайша, екі жақтың атысы алмакезек жалғасып жатыр. Екі ортада бебіт тұрғындар қаза болуда. Бұл соғысқа өзге елдер араласа алмай отыр. Араласса үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтанып кету қаупі бар.