Иттер коронавирусты сезеді...

Адамдардың COVID-19 індетіне шалдығу жағдайы жер-жаһанда күннен-күнге ұлғайып барады. Көз жұмып жатқандар көбеймесе, азаймай тұр. Бұл індетке қарсы амалдар мен дәріні ғалымдар ойлап тауып жатқанымен, адамзат әзірге коронавирусты түбегейлі жеңуге қауқарсыз. Тестілеп анықтау жағы жылдам болғанымен, шұғыл емдеп жазып жіберу жағы өте баяу. 

COVID-19 індетінің Қазақстандағы жағдайы мәз емес. АҚШ-та орналасқан Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше сәрсенбі күні Қазақстан індет жұқтыру жөнінен әлемде 53-ші орында болды. Жағдайды оңалту үшін үкіметіміз жанталасып бағуда. Ахуалымыз қандай? Өзге алдар қандай шара қабылдап жатыр? Осыны байқап көрейік. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу