Біріккен Ұлттар Ұйымының Израиль мемлекетін құру туралы шешімі шыққанына 73 жыл өтті. Міне, содан бері арабтар мен еврейлердің арасындағы қырғиқабақтық бір сәт те тоқтаған емес. Өйткені Израиль мемлекеті құрылар-құрылмастан-ақ, шекара белгіленбей жатып еврейлер палестиналықтардың атақоныстарын баса көктеп иемденуге әрекет етті. Сол кезде жаңадан құрылып жатқан Израиль мемлекеті террорлық әрекетті де, соғысты да бірінші болып өзі бастады. Соған қарамай Израиль осы күнге дейін Батыс елдері мен АҚШ-тан қолдау көріп келеді. Ал Бірікен Ұлттар Ұйымы басқыншы Израильді өзінің құрамына мүше етіп қабылдады. Дегенмен Палестина мен Израиль арасындағы жанжалдар мен қақтығыстар аракідік сұрапыл соғысқа ұласып келеді. Рамазан айының соңын ала кезекті соғыс тағы басталды. Адам шығындары болып жатыр.