25 мамыр күні таң алдында Алматыдағы блокбекетте болған қайғылы оқиғадан полицейлердің қаза болуы бүкіл Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды. Бір есерсоқтың әрекетінен құқық қорғау саласының екі бірдей қызметкері өмірден кете барды. Бұл оқиға жайлы біз алдыңғы хабарда ақпарат берген болатынбыз. Ал бүгін қандай жаңа деректер бар?