Сонымен, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге үлкен дайындық басталған. Шеру 7 мамырда Астананың бас алаңында өтеді. Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде Ұлы Отан соғысындағы әскери техника үлгілері мен майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 60 ұшағы қатысады делінген.