Түркия мен Сириядағы зілзаланың салдарынан үйіндінің астында қалғандарға Жаратқан жар болсын. Төрт күн өтсе де тірі қалғандар әлі табылып жатыр. Өкінішке қарай өлгендер көп. 9-ақпанның түніне қараған мезгілдің мәліметіне қарағанда, қаза болғандардың саны 20 мыңнан асып жығылды. Оның 16 мыңнан астамы Түркия адамдары еді. Тірілерді құтқару және мәйіттерді аршып алу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстан Түркияға қолдан келген көмекті жан-жақты көрсетуде. Еліміздің президенті Сирияға да көмек көрсету жайлы тапсырма берді.