Қазақстан Таяу Шығысқа бітімгершілік әскер жіберуге дайын

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Еліміз бұл халықаралық ұйымға 1992 жылдан бері мүше. Содан бері Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мүлтіксіз орындайды және оған осы күнгі халықаралық құқық нормасы ретінде қарайды. Сондықтан біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайтуды және оның басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында болып жатқан үрдістерге ілесіп келеді.  Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық дерлік қызметін қолдап келеді. Соның ішінде бітімгершілік қызметінен тыс қалмайды. Тіпті Қазбат атты бітімгершілік батальонын құрды. Еліміз бітімгершілік батальонының сарбаздарына қоса бронетехника, көлік ресурстарын беруге дайын, әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесіне белсенді қатысуға ынталы. Міне, сондықтан Қазақстан осы күні Таяу Шығыстағы Голан деген тау жотасына әскер жіберуді жоспарлағаны және орайы келген сәтте аттандыруға дайын екені белгілі болды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу