Қазақстан жасанды жаңбыр жаудыруды қолға алды

Бүгінгі адам баласын алаңдатып отырған мәселенің бірі – қуаңшылық. Бұл дүниежүзілік проблемадан Қазақстан да сырт қалмады. Биыл даланың шөбі мен егін қурап, мал қырылып жатыр. Әлемнің кейбір елдерінде құрғақшылықпен күрестің жаңа технологиясы қолданыла бастады. Бүгінде жаңбырды шақырып, қажет болған жерге жаудырудың технологиясы пайда болған. Бұл жаңа бастама Қазақстанда да қолға алынды. Әзірге ол сынақ өткізу деңгейінде. Ал Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей сынды мемлекеттер жаңбырды қалаған жеріне тәуліктеп жауғызып жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу