Қазіргі күндері халық дәрі-дәрмек нарығына қатты алаңдап отыр. Оның себептері бар. Аса қажетті дәрілер табылмай, көлеңкелі бизнеске кеткенін қазақстандықтар өз көзімен көрді. Індетке шалдыққан жақындарын аман сақтап қалу үшін дәріні өте қымбат бағаға қолдан сатып алуға мәжбүр болғандар өте көп. Міндетті медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ-Фармация» компаниясының жасаған қылмысына ет жағасын ұстап, түңілердей болған еді. Соның артынша Алматыда дәрі-дәрмекті жасырын цехта дайындап, заңсыз өндіріс жолына қойған ірі топтың қылмыстық әрекеті әшкереленіп отыр.