Күнің ызғарымен қоса жұқпалы індет қайта бас көтеріп жатыр. 17 қыркүйек күні Қазақстанда 242 тұрғын ауруға ұшырады, алты адам көз жұмды. Күз айларында коронавирус дертінің таралуы дүниежүзінде шарықтайды деген болжам айтылуда. Барлық елдер сақтық шараларын белгілеп, нақты жұмыстарды пысықтауға кірісті. Қазақстанда жағдай қандай? Анықтап көрейік.