Қазақстанда микроқаржы ұйымдарын, ломбардтарды және онлайн-кредиторларды жаппай тексеруді бастамақ. Президент Тоқаевтың пәрменінен соң іске кіріскен ұлттық банк өкілдері алдағы бірнеше айда микроқаржы ұйымдары барынша көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ауқымды тексеру жүргізбек. Осы мақсатта 39 тексеруші топ құрылған.