Халық ұмыта бастаған «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің» бүгінгі жиыны бұрынғыдан өзгерек өтті. Бәлкім, таңдалған тақырыптың аса өзектілігінен болар, дайындалған докладтар құр сөз емес нақты іске бағытталғандай көрінді. Билік «Ауруын жасырған – өледі» - деген қанатты сөздің мәнін ұғынған секілді, себебі әлсіз тұстарды жасырмай, бұғынбай ұлттың болашағы талқыға салынды.