Қазақтың төрт танкшы қызы жайлы деректер неге мардымсыз?

Ұлы Отан соғысында қазақтың өрімдей төрт қызынан құралған танк экипажы майдан даласында жаумен шайқасқаны жайлы дерек келтірілген. Бүкіл майдан бойынша төрт қыздың танкті тізгіндеп экипаж құрғаны жайла өзге мәлімет кездеспеген. Танкші әйелдер болды. Бірақ олар танкші ерінің жанында бірге соғысқан орыс, украин әйелдері еді. Олар күйеулерінің қасында радист, атқыш немесе жүргізуші болды. Соғыста бар-жоғы 20 танкші әйел болған екен. Бірақ олардың тізіміне төрт қазақ қызының есімдері енгізілмеген көрінеді. Жалпы, қазақтың төрт қызынан құралған танк экипажы, олардың ерлік жолдары туралы деректер әдейі жабық ұсталған сияқты. Соған байланысты, майдангер төрт қызымыз туралы хабар да тым мардымсыз, там-тұмдап қана сақталған. Бір деректе олар 1944 жылы желтоқсанның басында қаза болды дейді. Енді бір деректе төртеуі де хабар-ошарсыз кеткен деп те келтіреді. Қалай болғанда да, олардың толық бір экипаж болып танкпен соғысуы және жасаған ерліктері бүркемеленген бе деген ойда қаласыз. Ұлы Отан соғысында ұлттық республикалардың өкілдерінің жанқиярлық ерліктері төмендетілген бе екен... Кім білсін, көре алмаушылықтың немесе ұлттық республика жауынгерлерінің абыройын асырмау пиғылының салдарынан соғыстағы ролін төмендетудің болуы әбден мүмкін. Талай ерліктің бүркемеленгені жайлы әңгіме де көп.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу