Соңғы күндері пандемия тосын мінез таныта бастады. 11 наурыздан 12 наурызға қараған бір тәулікте елімізде індетке шалдыққандардың саны 899 адам. Ал осы күнге дейін 221 мыңға тарта адам ауруға шалдыққан болса, соның 2 830-ы көз жұмды. Пандемия елден алыстады деп жағамыз жайлауда жүруімізге болмайды. Оған әлі ерте. Сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды мұқият орындау керектігі жайлы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеме жасады.