Еліміз Вьетнаммен бұрыннан қарым-қатынаста болса, қазіргі уақытта одан бетер жақындасып жатқан жайымыз бар. Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келді. Жоғары деңгейдегі кездесулер өте жемісті болды. Қазақстан мен Вьетнам барлық жағынан жақындасып жатыр. Арада стратегиялық әріптестік орнады. Бұл жақсылықтың нышаны. Жалпы Вьетнам осы күнде қарқынды дамып жатқан ел. Әрі бұл ел өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күтесте әлемге үлгі-өнеге болған мемлекет. Ғасырлар бойы күресіп, ешкімге есе жібермеген, өзінің болмысы мен елдігін сақтап қалған. Осы орайда Вьетнам елі мен халқы туралы деректерді ортаға салып, сіздермен бөлісудің де орайы келіп тұр.