Алып Америка мен алып Қытай арасын ала мысық кесіп өтті. Екі держава біріне-бірі кінә артып, қабақ астынан қарасып отыр. Америка демократияны талап етсе, Қытай ішкі ісімізге араласқанды қой дейді. Не керек, Қытай Американың бірқатар саясаткерін шекарасынан кіргізбеуге, ал Америка Қытайға экономикалық санкция салуға бекінді.