Қытаймен қарам-қатынас тақырыбы Қазақстан үшін күрделі болып келген, күрделі болып қала да береді. Сырттай қарағанда ештеңе көзге түсе қоймайды. Шекара бүтін, ел тыныш, барыс-келіс жақсы. Дегенмен, арақатынастың ішкі көрінісі деген де бар. Қазіргі жаһандану кезеңінде Қытай мемлекетінің менмендігі күшейген, сыртқы саясаты аузын айға білеген. Осы жағы елімізге жайлы болып тұр деп айта алмаймыз. Өйткені экономикасы мен қаржысы өңмеңдеп кіріп барады. Оның ақыры бізге жұмақ болса мақұл, бірақ боларына кепілдіктің жоғы тағы бар. Қоғамымыздың алаңдайтыны осы.