Қазақстанға ақпараттық шабуыл жасауымен қатар шығыстағы көрші енді Қырғызстанды нысанаға алған сыңайлы. Жергілікті toutiao.com сайтында сәуірдің 11-і күні «Неге тәуелсіздік алған соң Қырғызстан отанына оралмады?» деген мақала шықты. Отаны деп отырғаны Қытайдың өзі. Авторлар әртүрлі тарихи кезеңдерді айта келе Қырғызстан ежелгі қытайдың жері деп қоғамды дүр сілкіндірді.