Бүгін елордада қала ішіндегі қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданды. Автобустар таңғы 7-ден кешкі 9-ға дейін жүре бастады. Жүргізушілер мен жолаушыларға қойылатын талап бірдей. Яғни автобуста адамдармен арақашықтықты сақтау, бетперде мен қолғап кию және антисептик алып жүру баршаға міндетті.