Соңғы күндері елде коронавирус дертіне шалдыққандар күрт көбейді. Ауруханаларда орын тапшы. Аймақтарда карантин шаралары қайта күшейтілді. Алматы және Нұр-Сұлтан шаһарының денсаулық саласының өкілдері қаладағы инфекциялық стационарлардың 90-95 пайызы бос емес деп мәлімдеді. Ал өткен тәулікте Қазақстанда бір күнде 1252 адамнан коронавирус табылып, 8 адам қайтыс болды. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш.