Отбасы ішіндегі алаяқтық пен ұрлық белең алып барады

Бүгінде адамдық қасиеті кеміген пенделер көбейген заман туды десек, онымызды ешкім теріске шығара қоймас. Пайдакүнемдік, қу құлқын үшін ештеңеден тайынбау, тіпті ақша үшін жақын туыстары мен ата-енесін, өз ата-анасын сазға отырғызып кетуден шімірікпейтін адамдар пайда болды. «Періште алтынды көріп жолдан тайды» демекші, ел ішінде ақшаға тойымсыздық, қанағатсыздық белең алғаны күнделікті өмірімізде анық көрініп жатады.  Өткені таяқ тастасаң ол барып міндетті түрде алаяққа тиеді. Ал парақорлар мен жемқорлардың жайлап кеткені соншалық, оларды тоқтататын күш бүгінгі таңда жоқ. Ел ішіндегі ұры-қары мен алаяқты, парақор мен жемқорды тыямын деуші заң органдарының өзі былыққа белшесінен батып жатса, өзгелерге не жорық.
Осындай келеңсіздіктің ішінде отбасылық алаяқтық деген әрекеттің өзі бір төбе дейтіндей ахуал бар. Отбасылық құндылық, үй-ішілік қадір-қасиет деп қақсағанмен де отбасы ішіндегі алаяқтық бүгінде белең алып кеткен. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу