Украина дрондары Ресей аумағындағы мұнай базалары мен зауыттарына шабуылдап, зақым келтіре бастағаннан-ақ халықаралық Каспий құбыр желісі консорциумына қауіп төнген. Консорциум Ресей жерінде орналасқан, ол жерден бүкіл Қазақстан мұнайының кем дегенде сексен пайызы құбырға түсіп экспортталады. Сондықтан оның қауіпсіздігіне Қазақстан билігі алаңдап келген еді. Қауіп сейілген жоқ, ақыры дрондар осы нысанға да жетіп, консорциумның бір станциясын зақымдады. Қазақстан мұнайының экспорты төмендейді делінген еді, соның артынша Үкіметтің өкілдері концорциумның жүкті қабылдауы қалыпты жағдайда болатынын айтты.