Пандемияға байланысты төтенше жағдай енгізілгелі бері полицейлердің жұмысы оңай болмай тұр. Тұрғындардың төтенше жағдай тәртібіне бағынбау фактілерінің кейбірі полиция қызметкерін таяққа жығумен аяқталған. ҚР Ішкі істер министрлігінің таратқан мәліметіне қарағанда, тұрғындар полицейлерге 460 рет айбат шекті немесе шабуыл жасады. Олар төтенше жағдай талаптарына бағынғысы келмеген.