Ресей билігі АҚШ пен НАТО-ға мінез танытып бағуда. Украинадан аулақ жүріңдер дегенді меңзейді. Бірақ Кремльдің мінез танытуы айбат шегуден гөрі байбаламға немесе ұпай қуалағанға, тіпті зымияндыққа да ұқсап кетеді. Рас, Украина Ресейден іргесін аулақ салып кеткен ел. Бірақ Кремль үшін Украинаның уыстан шығуымен есігіміздің алдына НАТО келетін болды деген уайым-елес басым. Құдды бір ақпараттық соғыс жүріп жатқандай әсерде қаласыз. Украинаға басып кірмегенімен, оны орыстың атақонысы дегенді қайталап айтып отыр.
Авторы: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нуриддин Бидосов