Сонымен, көршіміз Ресейдің бір емес үш бірдей Госдума депутаты Қазақстан жерлерін жаулап бірінің ізін бірі ала ұлардай шулады. Олардың мұнысы өте ұят болды. Осының өзі Ресейдің ішкі-сыртқы саясатының ахуалы кері кеткенін көрсетіп отыр. Білдей депутаттар осындай ірі мәлімдемені өз беттерінше жасай қоймасы белгілі. Қолтықтарынан су бүркіп, айтқызып отырған Кремльдің осылайша оқтын-оқтын долылық мінез танытатын байырғы әдеті деп қарамасқа лаж жоқ. Тосын жасалған мәлімдемелердің төңірегінде сарапшылар не деп жатыр? Байқап көрелік.